"Әңгімесі лайлы": Жанқош Тұраров өзін зорлықшы деген аруға қатысты екінші рет мәлімдеме жасады
- автор kyn.kz
- 24 тамыз, 2024
- 23.9k
Спортшы Жаноқш Тұраров өзін зорлықшы деген арудың сұхбатына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазды Kyn.kz тілшісі.
Спортшының адвокаты журналистерге арнап баспасөз конференциясын өткізбекші.
"Ассалаумағалейкүм, ағайын, қалайсыздар? Маған қатысты сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері мүлдем қызық емес. Менің өмірлік ұстанымдарым, мақсаттарым мүлде басқа. Ақиқат орнайтынына сенімдімін. Соған байланысты менің заңды адвокатым баспасөз конференциясын өткізетін болып шешті", - деді боксшы.
Еске салайық, 21 тамызда Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат тараған болатын. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлаған еді.
Кейінірек боксшының өзі тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.
Ал кеше "Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. Бойжеткен "соңғы кездесу зорлықпен аяқталды