«Әнарудың өтірік айтпағанын білем»: белгілі журналист боксшы зорлады деген Қалдыбек Құрманәлінің қызына қолдау көрсетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 тамыз, 2024
- 6.7k
Журналист өзін боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Қалдыбекті қолдап, оның ары қарай күресуін тіледі. Ал өз қызын қорғай алмаған композитор Қалдыбек Құрманәліні сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Серік Хасенов facebook-тегі парақшасында жазды. Ол біздің қоғамда Әнарудың оқиғасына ұқсас оқиғалардың көп екенін жеткізді.
«Бірінші біздің патриархалды әрі сексист, мазахист қоғам туралы айта кеткенді жөн көріп отырмын. Шын мәнінде Әнаруды мазақ етіп, оны жезөкше кейпіне енгізгісі келіп отырған еркектер қауымы Жанқошқа жаны ашып тұрған жоқ. Олар өздерін ақтау үшін, мәдениетті қылып зорға ұстап жүрген денелерінің ішкі түкпірінде тығып ұстап отырған бір-бір "Жанқош" жатыр... олар үшін зорлық норма, "тана көзін сүзбесе бұқа жібін үзбейді деген" өздерін ақтайтын мақалы бар... Сол дүрмекке қосылып отырған әйелдер қауымының көбісі өзін тым тәрбиелі, түзу жолдағы адам етіп көрсеткісі келетін, не өмірі сондай батпан зорлықпен өткен. Өзі көнгесін бәрі көну керек деген логиканың құрбандары... Әнару оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Мен бұл жерде Әнарудың өтірік айтпағанын білем. Себеп, Әнару бұндай тағдыр тәлкегіне түскен жалғыз бойжеткен емес. Біздің қоғамда дәл осындай тағдыр тәлкегіне түскен қыздар өте көөөп... мәселе, көбі "Ұят", "Ар-намыс" деген дүниелерді алға тартып ішінде сақтап қалады... тіпті ата-анасын қарабет етпеймін деген ниеті үшін ғана өзін қиып жіберген қыздар қаншама... Әнару осының бәрінен қорықпай батылы барып айтқаны үшін, күреске шыққаны үшін респект...», - деді ол.
Сондай-ақ, журналист спортшының әйелін де сынға тартты. Айтуынша, ол күйеуінен айырылып қалмау принципінде жүр.
«Бұны сот шешеді ғой деп ақылгөйсудің қажеті жоқ. Себеп біздің елде әділ сот жоқ... ақша мен атақ қосылғанда бәрі сенің пайдаңа шешіледі... ал бұл жерде бір арудың тағдыры қыл үстінде тұр... Әнаруға әлі талай қыспақ көрсетіледі... оған біздің нақұрыс қоғам қосылады... естеріңізге мына жәйді да сала кетейін... ботоферманы тек билік жалдамайды, ақшасы бар кез келген адам жалдай алады... себеп, олар моральсыз, принципсыз, арсыз малдар ғой... лақтырған сүйекке мәз... Жанқошты жақтап жазып жатқанның барлығынікі өз ойы емес... біреу нақұрыстықтан, біреу ақшаға жазып отыр...Әнару жиырма жастан енді асқанда осы қақпанға түсіп қалды. Ол кезде ол жас болды, көнді... уақыт өте келе адам есейеді... онымен қоса санасыда есейеді... Әнару өзің үшін өзің күреспесең ешкімге керегің жоқ екенін енді түсінген шығар... ол сол Жанқошпен жүрген 6-7 жылында жезөкшелік пиғылы үшін емес, мүмкін жақсы көрген болар, мүмкін сенген болар әйтеуір біраз уақытын өткізіп алды. Мүмкін алдаңғанын кеш түсініп сол ең аяулы жастық кезеңі үшін іші қарып күрес жолына түскен шығар... бірақ, анығы барлық ситуацияны көтпен өлшейтін қоғам айтқандай жезөкшелік пиғыл жоқ мұнда... болса, ың-шыңсыз Жанқош жағдайы бар жігіт қой, ақшасына суғарылып жүре бермей ма... жиырма жасар қызды манипуляциямен ұстауға болады... бірақ, мақсат пен бағытын айқындап алған адамды енді ұстау қиын болады... Жанқоштың әйелінің пікірін оқып тіпті шок болдым... бір жағынан аяп кеттім... негізі аянышты жағдай ғой... үрей. Сау адам, өзін құрметтейтін әйел бұлай айтпауы керек еді... ол әйелдің бойында отағасыз жалғыз қалу комплексы тұр. Ол тіпті тексеруге зауқы жоқ. Неге? Неде болса отбасыдан айрылмау принципі... себеп, жалғыз басты әйел болып өмір сүру біздің қоғамда расымен трагедия әрі қауіпті... ол кісініде түсінуге болады... бірақ, бәрі бір "женский солидарность" болуы керек деп ойлаймын...», - деп жазды журналист.
Бұдан басқа ол Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманәлінің өз қызын қорғай алмағанына күйініп, бұл оқиғаға оның да кінәсі барын жеткізді.
«Әнарудың әкесі туралы көп айтылды... кезінде әкесінің қадірсіз пікірі мен қылығы үшін балаларына тиді деп жатыр... мен бұдан асқан тұрпайы қоғамды көрмесем екем деп тілеймін... ешқашан әкенің де, шешенің де қателігі үшін бала тағдырымен жауап бермеу керек... тағдыры түгіл титтей ақталуғада міндетті емес... ал сондай бумерангқа қол соғу барып тұрған зұлымдық. Өмір расымен бумерангшыл, сондай әділ болса әр адамның жазасын өзіне берсін... өшін барып баласынан алса ол бумеранг емес, әділетсіздік қой... Бағана Әнарудың бір құрбысының жазғанын оқып қалдым. Оның әнші болғысы келгенін, кезінде тіпті әкесінен көмек сұрап барғанын жазыпты. Әкесі көмектеспейтінін айтыпты... Мен ойлаймын Қалдыбек деген өресіз адам ғой. Қолында бар дүниені баласына бере алмаған сорлы ғой... соған қызыңыз осындай жағдайға түсіп жатыр, қиналып жатыр көмектеспейсіз ба дегендер болған шығар... Қалдыбек айтқан шығар, өзіненде бар аумаған шешесі ол шешесі сияқты жезөкше кезінде шешесіде менен жүріс жүріп туған жоқ па оны деп... Қалдыбектің өресі осы ғой... сол құрбысының жазбасында кезінде әкесі көмек қолын созғанда, ол қыздың тағдыры басқаша боларма еді деген күйініш бар... расымен, Қалдыбектің Әнарудың алдында зор-батпан кінәсі бар... тым құрығанда әке боп осындай сәтте жанынан табылып, қорған болмайма... Қалдыбекте бұндай өре қайда бірақ...», - деді ол.
Ары қарай журналист Әнару Қалдыбектің ары қарай да күресуін тілеп, бірақ ендігіде талай қиындықтарға ұшырайтынын айта өтті. Сонымен бірге осындай жағдайда оны аудиториясы кең Динара Сәтжан, Баян Мақсатқызы секілді тұлғалардың өз қорғауларына алуын ұсынды.