Мәдениет
"Неге қызыл емес?": Ақбота Керімбекова өзінің ер мінезді болып кетуінің себебін түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 тамыз, 2024
- 416
Әнші видео жариялап, анасының 48 жыл бойы сақтап келген көрпені көрсетті
Белгілі әнші Ақбота Керімбекова балалық шағын еске алып, өзінің ер мінезді болып кетуінің себебін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Әнші видео жариялап, анасының 48 жыл бойы сақтап келген көрпені көрсетті. Сәби кезінде анасы перзентханадан сол көрпеге орап шыққан екен.
"Біздің заман бөлек заман ғой. Бұйырғанды жейсің, табылғанды киесің. Мені перзентханадан шығарарда табылғаны осы көк конверт болыпты. Кеше нағашыларыма нәрестенің қуанышына барғанбыз, анам осыны көрсетіп тұр ғой. Мен отырмын 48 жылдан кейін "Неге қызыл емес?" деп даулап қайттым. Естелік деген осы екен. "Мінезің жігіттердікіндей" дейтіндер, неге олай екенін енді ұққан шығарсыздар", - деп жазды Керімбекова.