«Мен жалғыз емеспін»: Ақбота Сейтмағамбет өткен өміріне өкінбейтінін жеткізді
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 тамыз, 2024
- 853
Әнші Ақбота-Нұр өткен өміріне өкінбейтіні туралы айтып, жалғызбасты әйелдердің мұңымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берген сұхбатында әңгімеледі.
“Өмірде түрлі нәрсе болады, неше түрлі жағдай мен қиындық болады. Ақ пен қарадан тұратыны да белгілі. Бір кездері бал-бұл жайнап, бақытты өмір сүруің мүмкін. Ертесіне бүкіл байлығыңнан, денсаулығыңнан айырылып, ешкімге керек емес халде болып қалуың да мүмкін. Егер Алла Тағала дәл осы қалпымда тағы да жарататын болса, мен дәл осы өміріммен өмір сүретін едім. Өйткені мен өміріме өкінбейтін адаммын. «Өкінбе сен» дейді ғой. Тек құлаған-сүрінген сәттерде алға қарай ұмтылу керек. Сол кезде ғана сен жетістікке жетесің, сол кезде ғана бақытты әрі батыр әйел боласың”, – деді әнші.
Ол қоғамда өзі секілді жалғызбасты әйелдердің көп екенін жеткізді.
“Мен сияқты жалғызбасты, екі баласы бар аналар қаншама?! Мен ғана емес, қаншама әйелдер ажырасып жатыр. Неше түрлі жағдайлар болып жатыр. Біреу біреудің әйелін өлтіріп жатыр, күйеуі қасақана жасап жатыр дегендей. Бірақ осыған сынбай, сүрінбей, өз бала-шағасын тартып, бауырларына көмектесіп жүрген қаншама әйел бар. Мен жалғыз емеспін. Сондай әйелдердің бірі – өзіммін», – деді актриса.