«Қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім»: Қалдыбек Құрманәлі боксшының өзінен кешірім сұрағанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 тамыз, 2024
- 16.1k
Белгілі журналист Гүлбану Әниятқызы Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманәлімен сөйлесіп, мән-жайды білген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі кезде Қалдыбек Құрманәлі қызын қолдау көрсетуде.
«Спортшы Жанқош зорлады деп арызданған Әнару Құрманәлінің әкесімен сөйлестім. Қалдыбек Құрманәлі белгілі сазгер, Шәмші әндерін насихаттап жүретінін білесіздер. Қалдыбек Құрманәлі жүрегіне ота жасатып, денсаулығына байланысты Түркістан облысына көшіп кеткен. “Қазір қызыма көмектесу үшін Алматыға келдім” дейді. “Қызым жылап келгенде бұл сорақылықты қоғам білуі керек деп, журналистермен сұхбат ұйымдастырған да өзім”, - деп отыр.
Жазуынша, Жанқош Тұраров сазгерден кешірім сұраған. Алайда, Қалдыбек Құрманәлі оны кешірмейтінін мәлімдеген.
«Қалдыбек Құрманәлі Жанқош жақтан кешірім сұрағанын, бірақ ешқандай кешірім бере алмайтынын айтты. “Қызымды қорғауға жанымды, барымды саламын” деп отыр. Әнару 28 жастағы үлкен қыз, тұлға. Жанқошпен кездескені, оған неге сенгені жайлы ештеңе айта алмаймын деді. Қоғамның буллингінен соң Әнару бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір депрессияда жүр дейді. Қалдыбек Құрманәлі бұл мәселеде аяғына дейін қызының қасында болатынын айтты», - деп жазды журналист.