Ақтөбе облысында көлікте тірідей жанып кеткен 10 жасар қыз туралы дерек пайда болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 тамыз, 2024
- 3.9k
Ақтөбе обылысында көлікте тірідей жанып кеткен 10 жастағы қыздың өлімі туралы дерек пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 27 тамыз күні Хромтау ауданында болған. Жеке тұрғын үйдің ауласындағы ВАЗ көлігі өртеніп кеткен. Көліктің ішіндегі отырған 10 жастағы қыз көз жұмды.
Ауылдық округ әкімдігінің мәліметінше, отбасының тұрмыстық жағдайы жақсы. Марқұм қыздың анасы мектепте мұғалім, әкесі жергілікті кен орнында жұмыс істейді. Отбасында үш бала болған. Үлкені жақында отбасын құрған. Ал екінші ұлы мектеп оқушысы. Көз жұмған 10 жастағы қыз науқасына байланысты үйден оқып жүрген.
Сол күні қыздың ата-анасы Хромтаудан келіп, көлікті аулаға қойған. Өздері үйіне кіріп кетеді. Ал қыз ойнауға далаға шыққан. Біраз уақыттан кейін көршілері ауладағы көліктің өртенгенін хабарлаған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілер өртті өз бетімен сөндірген. Өрттен кейін көліктен қыздың денесі табылды. Сонда ғана қыздың ойынға шықпағаны, көлікте отырғаны белгілі болды.