"Сен еркек емессің, белдемше киіп ал": Атырауда блогерлер тіл тигізген күзетші көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 тамыз, 2024
- 2.1k
Атыраудағы "Мемлекеттік сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесінің күзетшісі жұмыс орнындағы оқиғаға байланысты басына қан құйылып көз жұмған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі bugin.kz порталына сілтеме жасап.
"Патриот" телеграм арнасының мәліметінше, мекеме күзетшісі Хәкім Иманиязов 56 жаста болған.
"Мемлекеттік сараптама орталығына" өздерін блогермін деп таныстырған бірнеше адам келіп, бірқатар заң бұзушылықтарды айтып, телефон камерасына түсіреді. Мемлекеттік тудың жоғына, турнекеттік жұмыс істемейтініне шағымданып, мекеме басшысын шақыртқан. Мемлекеттік органға кіргісі келген блогерлер жолын бөгемек болған күзетшіге дауыс көтеріп, артынша балағаттаған. Видеода ер адамның күзетшінің аяқ киіміне тиісіп, "сен бомжсың ба?", "сен кімсің?", "сен еркек емессің, белдемше киіп ал" деген сөздер айтады. Осыдан кейін Иманиязовтың жағдайы нашарлап, бірнеше аптадан кейін көз жұмған.
Оның артында жұбайы, екі ұлы мен қызы қалды.
"Патриот" арнасына сұхбат берген күзетшінің әйелі Мариямның айтуынша, жұмыста жүрген күйеуін қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартады. Блогерлерге қатысты арыз полицияға "мемлекеттік сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесінен келіп түскен. Жанжал туралы бейнеролик тергеушіге жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024