«Ең жаман нәрсе – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі»: Жанқош Тұраовтың әйелі жазба жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 тамыз, 2024
- 8.0k
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуінің «қыз зорлады» дегеніне сенбейтінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер бұл туралы жеке парақшасында бөлісті. Ол ер мен әйелдің бір-бірлеріне жиі қоятын сұрақтар қатарын тізіп жазды.
“8 жылда күніне 1045 рет қоятын сұрақтарыма автоматты түрде жауап айтатын болған. “Жан деп бастасам болды: “Мен сені жақсы көремін, сенен ажыраспаймын, сен өліп қалсаң, басқа ешкімге үйленбеймін” деп айтады. Ең жиі қоятын сұрақтарыңыз қандай? Жігіттеріңізге жіберіп отырыңыздар”, – деп жазды ол.
Алайда, желі қолданушылары Әнару Құрманәлінің айтқанына қатысты сұрақтар қойды. Одан оқырманы “Өмірде ең жаман нәрсе – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі. Сіздей қызды не үшін айырбастаған?” деп сұраған.
“Соған шынымен сеніп тұрмын демеңіз енді. Ең болмаса сөзінің ұйқасын таппай қалдық қой”, – деп жауап берді Клара Иса.
Ұқсас жаңалықтар
Паралимпиада ойындарында Ерғали Шәмей күміс жүлдегері атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қыркүйек, 2024
Париж Олипиадасына қатысқан спортшыны жігіті бензин шашып өртеп жіберді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 қыркүйек, 2024