Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам бостандыққа шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 тамыз, 2024
- 494
Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған азамат ақталып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
Істі прокуратура "қылмыстық құрам жоқ" деген себеппен тоқтатқан. Айта кетейік, қылмыстық істің анық-қанығына ету үшін 90 парақтан тұратын сараптама тағайындалған еді. Нәтижесінде, күдіктінің жазықсыз екені дәлелденді. Бірақ Алматы облыстық полиция департаменті шешіммен келіспей, ер адам 1 жыл бойы абақтыда отырды. Қазір ер адам ақталып, бостандыққа шықты.
“12 ай бойы қылмыстық істі әуре-сарсаңға салып, дұрыс тергемей жүрген тергеушілердің ісіне Іле ауднының прокуроры Дидар Әскербеков мырза және де Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мырза өздері жеке араласып, қылмыстық істі егжей-тегжейлі зерттеп, бірінші сарапшының үстіне қылмыстық істің қозғалғаны және оның қорытындысы жалған боп шыққанына көздері жетіп, қылмыстық істі тоқтатып, адамның конституциялық құқығының қалпына келуіне көмек көрсетті”, – деді заңгер Ғабит Өмірбеков.