«Шалға тиіп жатқан шығар»: Ұзатуында зарлы сыңсу айтқан қыз елді шошытты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 тамыз, 2024
- 4.7k
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай ұзатуында сыңсу айтып, жылайтын қыздарды сынап тастады. Оның айтуынша, бұл ерсілікті қою керек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол желідегі парақшасына сыйсу айтып жылап отырған қыздың видеосын жариялап, мұның ерсі екенін айтты.
«Жоқтау десем сыңсу екен ғой. Бүгінде ұзатылған қыздың сыңсу айтуына қалай қарайсыз? Қазақ қыздары не үшін сыңсып жылады десеңіз еркінен тыс байға, шалға, малға қосылғаны үшін шерін тарқатты. Ал, қазір қыздарымыз еркін, өз таңдауы өзінде. Қанша жерден дәстүр десек те, меніңше мынау тым ерсі. Өз басым ақ жол үстіндегі қызды жылатқанша шөлпілдетіп сүйіп, құшып, қысып жібермей, ақылын айтып тұрғандарға да қарсымын. Ата-анасы маңдайынан иіскеп ақ батасын берді ма болды, бойжеткен артына қарамай зыту керек. Оқырмандар арасында сыңсу айтып ұзатылған ақ жеңгелерім не дейді екен?», - деп жазды ол.
Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі сыңсу айту қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі десе, енді бірі қазіргі заманға жат нәрсе екенін айтуда.