Денсаулық сақтау министрі еліміздегі короновирустың ахуалы туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 қыркүйек, 2024
- 496
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова коронавирус инфекциясының бүгінгі ахуалы туралы бірлескен палаталар отырысында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Коронавирус инфекциясына байланысты бүгінгі ахуал туралы айтсақ, тоғыз адам коронавирус инфекциясымен ауруханаға жатқызылды. Жыл басынан бері қайғылы жайтпен аяқталған жағдай тіркелген жоқ”, - деді министр.
Бірақ коронавирус жұқтырғандар тіркеліп жатқанын жасырмады.
“Иә, ауырғандар тіркеліп жатыр. Бірақ жалпы жағдай қалыпты қалыпты шекте. Бірақ дайындықсыз отыра алмаймыз. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі, бас санитар дәрігер тиісті шаралар қабылдады. Біз медицина ұйымдарының қызметкерлерінің арасында күшейтілген маска режимін енгіздік. Өйткені бірінші кезекте медициналық қызметкерлердің өзін қорғауымыз керек”, - деді Ақмарал Әлназарова.
Жаңа туризм және спорт министрі тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024