«Қызды қонақүйге апарған»: Павлодарда жыныстық қатынасқа түспекші болған футбол бапкері ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 қыркүйек, 2024
- 4.0k
Павлодарда 10 жасар қызға зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен футбол бапкері ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпаратты kerek.pv телеграм арнасы жариялады.
«Сараптама тікелей жыныстық қатынас болмағанын көрсетті. Бірақ баланың көрсетуі бойынша ер адам кәмелет жасқа толмаған қызға тиісіп, өзінің денесін сипауға мәжбүрлеген. Ол қызды қонақүйге апарып, одан кейін үйіне шығарып салған. Тергеу соты оны екі айға қамауға алуға санкция берді», - делінген хабарламада.
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
«Кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- делінген полиция хабарламасында.