Мәдениет
«Бәрі қасымда»: Айқын Төлепберген бірінші әйелін тастап кетті дегендерге жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қыркүйек, 2024
- 8.4k
Бұл сындарға әншінің өзі жауып беріп, ешкімді тастамағанын ескертті.
Әнші Айқын Төлепберген желіде өзін әйелін тастап кетті деген оқырманына жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қазақстан аруы - 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаева Instagram-дағы парақшасында жұлдыздар туралы тренд видео жариялаған болатын. Бейнежазбадан Айқын мен Жұлдызды көрген желі қолданушылары сын айта бастаған.
Олар "Айқын әйелін тастап кеткелі ұнамай қалды", "Айқын мағанда ұнамай қалды", "Айқын сол жағдайдан соң мүлдем ұнамай қалды. Әндерін тыңдамай кеттім" деп жарыса жазған.
Бұл сындарға әншінің өзі жауып беріп, ешкімді тастамағанын ескертті.
"Бәрі қасымда. Ешкімді тастаған жоқпын", - деп қысқа жауап қатты әнші.