«Екеуі жыныстық қатынасқа түскен»: Ер адам өгей қызына үйлену үшін әйелін үздіксіз улап келген
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қыркүйек, 2024
- 674
71 жастағы қария өгей қызына үйлену үшін әйелін улап келген. Оны ұйқышылдық басып, бас ауруына шалдыға бастаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
2021 жылы әйелі бас ауруы, диарея, ұйқышылдық және басқа да түсініксіз белгілермен бірнеше рет ауруханаға түскен. Әйелді тексерген кезде оның денесінен тыйым салынған заттар табылған.
Әйел өзі есірткі қолданбағандықтан, 2022 жылы күйеуінен күдіктеніп, полицияға жүгінеді. Альфред Руф өгей қызымен әйелінің көзіне шөп салғанын және оны төрт ай улап өлтірмек болғанын мойындады. Ол әйелінің сусындарына есірткі қосып, оны ұйықтатып тастаған. Сол сәтті пайдаланып, әйелінің қызымен жыныстық қатынасқа түскен. Тіпті бірігіп әйелді тонапты.
Ол әйелдің сусынына жалпы 12 рет есірткі салып жіберген. Руфтың айтуынша, әйелді улау туралы ойды сол өгей қызы ұсынған. Қыз тыйым салынған заттарды әкеліп берді дейді.
Сөзінше, анасы мерт болған соң, сақтандыру төлемдерін алуға үміттеніп, Руфқа тұрмысқа шығуға уәде берген. Ер адам 4 жылға сотталып, 5 жыл түзету жұмысына тартылды.
Дереккөз: smartnews.kz