Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Алқаш деңдер": Мақпал Жүнісова тыңдармандарына видео арнап, елді шулатты (ВИДЕО)

"Алқаш деңдер": Мақпал Жүнісова тыңдармандарына видео арнап, елді шулатты (ВИДЕО)
видеодан скрин
Әнші: Өмір деген қызық қой, анда-санда бұзып қой...

Әнші мақпал Жүнісова таң ертеңмен видео жүктеп халықтың талқысына түсті. Көпшілік әншінің масайып алғанын айтады. Ал өзі болса араға бірнеше уақыт салып "қымызға масайып қалыппын" деп ақталды, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

Құрметті мені жақсы көретін жандар! Жек көретін жандарға да сәлем беріп қояйын. Жалпы, мен өмірге разымын. Әрбір күнім үшін Аллаға шүкір. Мені даттасаңыздар да жамандасаңыздар да өздерің біліңдер.

Шөптің басы бекер қимылдамайды. Жалпы мен өмірге ризамын, әрбір күнім үшін Аллаға шүкір деймін. Ешкімге ренішім жоқ. «Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой, анда-санда бұзып қой» деген сияқты бұзатын кездерім болады. Сіздер, 90 пайызыңыз мені кешіресіздер, 10 пайызыңыз «оңбаған, әнші емес, алқашсың» дейсіздер. ...Мен қырылдап тұрсам ішіп алды дейсіздер, ауырып, дауысым бұзылып кетсе, тағы да ішіп алды дейсіздер. Өздеріңіз біліңіздер, бірақ мен саумын. Тамағым мен шайымды ішіп, үйімді жөндеп жүрген әйелмін. Әйел емес, қатынмын. Ал түсініп алыңдар, – деді әнші.

Желі қолданушылары әншінің қиналып жүргенін, жалғыздықтан құса болып, тіршіліктен шаршағанын айтқан.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар