Астанаға кеткен ұлын жоғалтып алған ұлыбританиялық полицияға жүгінді
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қыркүйек, 2024
- 388
Ұлыбритания тұрғыны Қазақстанға кеткен ұлын жоғалтып алған. Сөйтіп Астана полициясына жүгінеді. Айтуынша, байланысқа шықпай қалған жігіт көмекке шақыру туралы белгі жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана полициясынан хабарлағандай, шетелдік Астанаға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін келген.
"Англиядан келген жас жігіт аяқ астынан байланысқа шықпай қалғанына ата-анасы уайымдаған. Хабарлама түсісімен полицейлер дереу іздеу жұмыстарына кіріскен. Жедел-іздестіру шаралары кезінде олар 29 жастағы шетелдіктің 2 күн бойы байланысқа шықпағанын анықтады. Ол осы уақытта қонақүйде болған", - деп хабарлады полициядан.
Полиция шетелдіктің SOS белгісін байқаусызда жіберіп қойғанын анықтады. Әкесі видеоүндеу арқылы туристік полицияға және Қазақстан тұрғындарына алғыс айтты.