«Төрешіге шапан жауып, көлік мінгізіп қойған»: көкпар ойынынан жеңіліс тапқан қырғыз ағайындары ашуланып қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қыркүйек, 2024
- 302
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медаль жеңіп алды. Алайда, бұл жеңіске қырғыз халқы ризашылықтарын білдірмеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қырғыз көкпаршыларының жетекшісі ойынды әділетсіз өтті деп атап жарыс қорытындысымен келіспейтінін мәлімдеді.
Қырғызстан құрамасы бірінші таймның соңына 6 минут қалғанда 1:3 есебімен алға шыққан. Бірақ осы уақытта жанжал басталып кеткен. Спортшылар бірін-бірі қамшымен ұрып, оларды полиция ажыратқан.
Қазақстан құрамасының жеңісіне қырғыз ағайындер әртүрлі бағалауда. Caravan.kz жанкүйерлердің қалдырған кейбір пікірлерді жариялады.
Әлеуметтік желіде «Жеңіс емес, масқара болдыңдар. Жеңісті спортшылар емес, төрешілер алып берді», «Қазақтарда намыс жоқ екен, масқара», «Төреші мүлде қарамады, масқара. Бұл жеңіс емес», «Бұдан былай көкпар ойнамаңдар, масқара», «Қырғыздарға мұндай жеңіс керек емес. Қазақтар егер, еркекпіз, қазақпыз десе бұлай жасамайтын еді», «Төрешіге шапан жауып, көлік мінгізіп қойған ғой», «Тіпті ұялғаннан видеоны өшіріп тастапты», «Біздің де күніміз туар» деп жазған олар.
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024