"Интим тренер":Нұрсұлтан Жақсыген әйелімен неге ажырасқанын айтты
- автор kyn.kz
- 16 қыркүйек, 2024
- 835
Нұрсұлтан Жақсыген мен Фриза Сабыралиева қалың жұрттың алдында сәнімен, салтанатымен бас қосып, сүйкімді, көңілді жұп атанған еді. Араға уақыт салып олар екі баламен айырылысты. Көпшілік олардың жанжалын түсінбей, бірі әйелді, бірі күйеуін жақтады.
Фариза өз кезегінде ажырасудың себебін ата-енесінен көрді. Сөзінше оны жұмысқа шығарып айлығын алған, енесі үйде жұмысын қадағалап, мін таға берген.
Ал Нұрсұлтан Жақсыген болса Анна Данченкоға берген сұхбатында ажырасудың себебі басқа деді.
"Ол басында интим тренерден сабақ алды. Ойладым ол өзі үшін деп. Енді қарасам инстаграмда жалпақ жұртта ер мен әйелдің жатын бөлмесіндегі жағдайды ашық әңгімелеп отыр. Ол маған ұнамайды. Бүкіл ер адам оны тыңдайды. Дау осыдан туындады. анам мен әкеме ақша неге керек. Зейнеттегі кісілер. Одан қалды өзім ақша тауып жүрмін. Әйелім аманатым деп оны да қамтамасыз еттім. Жұмысқа шықса үйде баламен отырып қалмасын деген ниет болды",-деді актер.