Спорт
«Төреші басқа елден»: қырғыз көкпаршылары қазақтарды қарымта ойынға шақырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2024
- 397
Біз халықтың келісімі үшін жеке менмендіктен бас тартуға дайынбыз
Қазақстан көкпаршыларын Қырғызстан көк бөрі федерациясының өкілдері 1 қараша күніне қарымта ойынға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан агенттігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан көкпар федерациясына қырғыз спортшылары шақыру хат жіберген. Ойын 1 қарашада Ыстықкөл жағасында көкпар мен көк бөріден «Келісім кубогы» ретінде өтеді.
«Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл спорт, ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы керек. Біз халықтың келісімі үшін жеке менмендіктен бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады», - деді көк бөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісәлиев.