«Үсік жүреді»: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2024
- 348
Синоптиктер Астана және Алматыда алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
17 қыркүйекте Астанада өзгермелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз 11-13 градус жылы болады.
18 қыркүйекте өзгермелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы болады.
19 қыркүйекте өзгермелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы болады.
17 қыркүйекте Алматыда өзгермелі бұлтты, кешке жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай кезінде 18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы болады.
18 қыркүйекте өзгермелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы болады.
19 қыркүйекте өзгермелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы болады.