Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баян Мақсатқызы үшінші қызын қырқынан шығарды (ВИДЕО)

Баян Мақсатқызы үшінші қызын қырқынан шығарды (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Қырқынан шығару рәсімінде Тұрсен Алагөзов келген қонақтарға сыйлықтар таратқан

Баян Мақсатқызы үшінші қызы Алисаны қырқынан шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ

Бұл туралы видеоны тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Кеше құрбым Баян Мақсатқызы Алиса қызын қырқынан шығарды. Бұл дәстүр маған ерекше ұнайды. Сәбидің қарын шашын, сүт тырнағын алып, бәрін ырыммен жасадық. Тұрсын әкесі бәрімізге өзінің жомарт жүрегімен сыйлықтар таратты. Өмірге сәби келгенде ол қуаныш, ал екі сәби келсе, ол екі есе бақыт", - деп жазды ол. 

Қырқынан шығару рәсіміне Аша Матай, Айсәуле Бақытбек, Салтанат Байқошқарова барған. Сонымен бірге басқа да қыз-келіншектер қатысқан.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар