Мәдениет
"Шерлімін": Мақпал Жүнісова төсек тартып жатып қалғанын айтты
- автор kyn.kz
- 17 қыркүйек, 2024
- 11.7k
Әнші экс-әкім күйеуін өлтірген адам анықталған кезде ғана айран ішетінін айтты.
Екі апта бойы жұрт талқысынан түспеген әнші әр күз күйзеліске түсіп, мұңға батып, жанына тыныштық таппай кететінін айтты. Сөзінше тура қазір тура өліп кетердей денсаулығы мен жан саулығы сыр берген, деп жазды, Kyn.kz тілшісі.
“Өмірден өтіп кететін сияқты күйде төсек тартып жатырмын. Ешкімге тіл тигізген жоқпын, аман болыңыздар! Күз айы мен үшін депрессия. Осы айда қатты күйзеліске түсемін. Зәкеңнен айрылып, жаралы жүрек осы күнге дейін шерлі. Осы күнге дейін өлтірген адамды табалмай, халықтың алдында ешкімді ұстап бермеді. Сол ашылған күні тек айран ішер едім”, – деп жазды әнші.