«Шыдамның де шегі бар»: актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі бар шындықты жайып салатынын мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2024
- 762
Белгілі актер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Алмазқызы оның сұхбатында айтқандарына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Блогер келіншек экс-күйеуінің сөздері шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
«Мен бәрін ашып жайып салсам, жерге кіретін тесік таппай қаласың ғой. Оны өзің де білесің. Біреудің айыбын ашпа деген қағиданы қатты ұстанып едім. Бірақ ақыма кіріп жатыр. Шыдамның де шегі бар. Керек емес жерде сабыр қылғанның өзі – харам. Кәдімгідей ақыма кіріп тұр. Маған ауыр тиіп жатыр. Үндемеді деген сөз – білгенімді істеп, аузыма келгенімді оттай беру емес. Түнде сұхбатты көріп, қатты ауыр тиді. Соншалықты екіжүзді бола ма екен?! Таңертеңге дейін ұйықтай алмадым», – деп жазды блогер.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Жақсыген журналист Анна Данченкоға сұхбатында бұрынғы әйелінің сөздеріне келіспейтінін айтқан болатын.