Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы: «Мені құрметтемейтінін білемін»

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы: «Мені құрметтемейтінін білемін»
Сурет: instagram.com/toprank
Ол жекпе-жек күнін тағатсыздана күтіп жүргенін мәлімдеді

IBF орта салмақтағы әлем чемпионы титулына үміткер жаңазеландиялық Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлымен болатын алдағы жекпе-жекті тағатсыздана күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Мен осы сәтпен өмір сүретін адаммын, бірақ өткен күнді ұмытқан жоқпын. Оны чемпион ретінде құрметтеймін, бірақ оның мені құрметтемейтінін білемін. Сол себептен де оған тиісті барлық дүниені тартып алатын сәтті тағатсыздана күтіп жүрмін. Мен өз атымның тарихта Джозеф Паркер және Маселино Масоэ секілді әлем чемпиондарының есімімен қатар жазылғанын қалаймын.  Бұл менің тағдырым. Андрей Михайлович есімі әлемге танылуы үшін мен ештеңеден тайынбаймын», — деді Михайлович.

Айта кетсек, Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO/IBF бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 KO) арасындағы жекпе-жек 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында өтеді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар