Үшінші қабаттан лақтырып жібермекші болған: Астанада балалардың ата-анасына айыппұл салынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 қыркүйек, 2024
- 209
Астанада сот жеті жасар баланы үшінші қабаттан лақтырмақ болған бес баланың ата-анасына айыппұл салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өздерінің "ойынын" олар "суицидник" деп атаған.
Балалар өз құрдасын кіреберіске алып келіп, тұрғын үй кешенінің үшінші қабатына көтерілген. Онда олар баспалдақтар арасындағы алаңқайда тұрып, трагедиямен аяқталуы мүмкін болған ойын ойнаған.
Төрт ата-ана өз кінәсін мойындап, балаларын дұрыс тәрбиелеуге және олардың тәртібіне назар аудармағанын ескерді . Бір ата-ана өз кінәсін мойындамады. Алайда сот оқиға түсірілген бейнежазба мен тараптардың жазбаша түсініктемелеріне сүйене отырып шешім қабылдады.
Заңға сәйкес (ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі), ата-аналардың балаларына тәрбие беруге міндеттерін орындамауы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сот ата-аналарды кінәлі деп танып, оларға айыппұл салды. Қаулыда балалардың негізгі тәртіп ережелерін білмегені және бұл жағдай өзгелердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені айтылған.
Еске сала кетсек, кәмелетке толмаған балалардың бұл әрекеті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға "Sezim Qala" тұрғын үй кешенінің ауласында болған.