Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Балаға жасалған қастандық»: Алматыда шатырдан секіріп көз жұмған қыздардың жақындары өлімге не түрткі болғанын айтты (ВИДЕО)

«Балаға жасалған қастандық»: Алматыда шатырдан секіріп көз жұмған қыздардың жақындары өлімге не түрткі болғанын айтты (ВИДЕО)
Сурет: Ашық дереккөздерден
Оқушы өте көңілді, мейірімді, әртүрлі жанрдағы кітапты сүйіп оқыпты

Алматыда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап көз жұмған еді. Соған байланысты Stan.kz тілшісі сабақ уақытында шәкірттерінің сыртта жүру себебін сұрамақ болып №25 мектеп гимназиясына барған. Алайда, мектеп басшылығы ақпарат беруден бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқушылардың суицид жасау себебі аниме кітап, интернет ойындары болуы мүмкін. Бұл туралы марқұмның туыстары баяндады. 

Қаралы жиынға марқұмның жақындары мен туған-туыстары, мектеп мұғалімдері жиналды. Кішкентай қыздарынан қапыда айырылған отбасы жасөспірімді қимастықпен шығарып салды. Оқушының туысқан ағасы қарындасының өзіне қол салғанына сене алмайды. 

“Өз өміріне жауапкершілік ала алмайтын жаста, баламыз дүниеден озды. Қызымыздың дүниеден озуы өз еркімен емес, баланың психикасына әсер ететін интернет-технологияның салдарынан болды. Сондықтан бұндай жағдай балаға жасалған қастандық деп есептейміз. Біздің ғана емес барша қазақстандықтың басында болуы мүмкін. Бұл – балаға жасалған қылмыс. Бұл зұлымдыққа нүкте қойылуы керек. Қоғам болып атсалысуымыз керек. Баланың психикасын бұзатын дүниені жасаған жандар жазасын алуы керек”, – дейді ол. 

Тоғызыншы қабатта тұратын тұрғынның сөзіне сенсек, қайтыс болған қыздың біріне танысы қосымша сабақтан берген. Оның айтуынша оқушы өте көңілді, мейірімді, әртүрлі жанрдағы кітапты сүйіп оқыпты.

“Екі қыздың бірі – менің оқушым. Көңілді, мейірімді, әзілқой қыз болды. Балерина. Үш күннен бері жылап жатырмын. Анасымен жақын болған. Үнемі сырласады. Ата-анасы қызға өте жақсы көңіл бөледі. Аниме кітаптарын сүйіп оқыды. Арасында қандай кітап оқып жатқанын айтатын. Оның кітаптарына мән бермегенім өкінішті. Алдын алатын едім”, – депті танысы Анна (аты өзгертілген). 

Тұрғынның сөзіне сенсек, осы оқиғадан соң, ата-аналар арасында мына оқулықты балаңыз оқымасын, “қадағалаңыз” деген хабарламалар тарап кетіпті. Онымен қоса, қыздар өлімді романтика ететін кітаптар мен telegram каналдарға тіркелгені айтылған. 

Он сегіз жастан бастап оқуға рұқсат етілген кітаптың жасөспірімге қандай зияны барын психологтан сұрап көрдік.

“Кітапта қиындықта, қыстауда өзінің нәзік қалпын сақтап қалу керек деген метофора айтылған. Жұрттың бәрінің айтып жатқан жаман кейіпкері қайта-қайта өліп, тіріліп, өмірдің мәнін іздейді. Кітаптағы кейіпкер депрессияда өмір сүрген. Тура сол секілді өмір сүріп жатқан адамға кітап белгі болады. Мына кітапты ересек адам оқыса, миф екенін түсінуі мүмкін. Ал жасөспірім бала оқыса, басқаша әсер етуі ықтимал”, – дейді психолог. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар