«Мен үшін ең маңыздысы қайсы?»: Жұлдыз Әбдукәрімова көпшілікке бақытты болудың жолын көрсетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 қыркүйек, 2024
- 1.5k
Белгілі актриса Жұлдыз Әбдукәрімова оқырмандарына бақытты қайдан табуға болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желі парақшасында жазба қалдырды. Қарабалас заманда балаға да қарап, үй шаруасын да реттеп жүрген ол бәріне үлгеруге тырысатынын жеткізді.
“Мына қарбалас заманда қалай бәріне үлгеруге болады? Өмірімде бірнеше бағытты қатар алып жүруге тура келеді. Ол - үй шаруасы, бала тәрбиесі, өз шығармашылығым (театр, кино, блог жүргізу), басқа да кәсібім демекші… Бәрі маңызды сияқты. Десе де, «Мен үшін ең маңыздысы қайсы?» деген ой, соңғы кездері маза бермейді. Сөйтсем, ең маңызы - өзім екенмін. Бәріне үлгеремін деп аптығу ойымда да жоқ. Мақсатым - бақытты болу. Бақытты күйде ғана өзіме, отбасыма, айналама жылулығым мен мейірімімді, махаббатым мен қамқорлығымды бере аламын”,-деп жазды ол.
Сонымен қатар, сәнді киім адамды бақытты етпейтінін айтты.
“Байқағаным, бақытты айналаңнан емес, өзіңмен үйлесімде болғанда ғана табасың. Жаңа орта, жаңа қарым-қатынас, сәнді киім сені бақытты етпейді. Нағыз бақыт - жүрегіңдегі тыныштық пен еш себепсіз реңіңнің бал-бұл жайнауы”,- деді жазбада.