Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау маңында жер сілкінісі тіркелді

Атырау маңында жер сілкінісі тіркелді
Сурет: 24.kz/ru
Жер сілкінісінің ошағы Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым жерде болған

Батыс Қазақстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтының желілік стансасы Астана уақыты бойынша сағат 14:20-да (Гринвич уақыты бойынша 09:20 минутта) Батыс Қазақстанда жер сілкінісін тіркеді.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 46,07 градус, шығыс бойлық 53,30 градус. Магнитудасы mb=4,1. Энергетикалық класс K=9,2. Тереңдігі - 2 км. 

Жер сілкінісінің ошағы Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым жерде болған.

Облыс орталығындағы тұрғындардың жер сілкінісін сезінгені туралы мәлімет жоқ.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар