Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман балаларының әкесін ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа жүгінген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірақ сот оның арызынан бас тарқан.
Сот мәліметінше, Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен азаматтық некеде тұрған. Сол себепті, Бишімбаев отбасы мүшесін немесе жақынын өлтірген жоқ деп саналады.
Назымның адвокаты Мадина Уатбекованың сөзінше, бұл шешім мүлде дұрыс емес әрі заңсыз. Егер ата-ана қылмыс жасаса, мемлекет оны ата-ана құқығынан айырады. Осылайша, баланы қорғайды.
Назым Қахарман тіпті балаларының тегін ауыстырмақ болыпты. Бірақ сот оның бұл арызын да қабылдамаған. Енді ол Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа шағым түсірмек.
Естеріңізде болса, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді. Экс-министр қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге қамалған. Ол түрмеде жұмыс істемейді, себебі оған сай келетін жұмыс жоқ.