«Полицияға шағым түсірдім»: Қайрат Нұртастың әйелі төрт баласымен баспанасыз қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қыркүйек, 2024
- 1.0k
Актриса Жұлдыз Абдукаримова төрт баласымен баспанасыз қалды. Ол компания басшылары мен бір топ адамға алданып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында бөлісті. Айтуынша, өз пәтерін сатып жер үйге көіп барғысы келген. Алайда бұл жоспары іске аспапты.
“Сол жылы балаларым “Анашым, жер үйге көшейікші, өзіміздің ауламыз болса, бақшасына жемістер егейік”-деп сұрады. Бұл ой маған да ұнады. Сол сәттен бастап, үй іздеуге кірістім. Өз пәтерімді сатуға шығарып, тез арада көшкім келді. Бар ойым үйімді сатып, жер үй салу немесе сатып алу болды. Астанадағы коттедж салатын бірнеше компанияларға да бардым. Сол ізденісте жүргенде құрылыс компаниясының негізін қалаушы Диляра есімді келіншекпен таныстым. Ол маған мынадай ұсыныс айтты. “Сен сатуға қойған пәтеріңді менің інім Диардың атына жазып бересің. Біз саған қалашықтан 1 жылда екі қабатты жер үй салып береміз. Ал оған дейін сен пәтер жалдап тұрарсың”- деді. Мен келісе кеттім. Ойымдағы үйдің табылғанына қуанғаным да рас”, – деді актриса.
Компания басшылығы пәтерін банкке кепілдікке қойғанын айтқан. Содан бері ол төрт баласымен баспанасыз қалыпты.
“2024 жылдың көктемінде менің үйімнің жақын арада бітпейтінін түсініп, Диляраның алдына бардым. Бұдан артық күте алмайтынымды жеткізіп, өз үйімді қайтарып беруін сұрадым. Сол кезде ол менің пәтерімді банкке кепілдікке (залогқа) тіккенін естіртіп, ол үйде тағы бір інісі Әбілхан отбасымен тұрып жатқанын, қайтарып бермейтінін айтты. Жақсы оған да көндім, мынау бітпей тұрған жер үйімді өзім аяқтайын соның құжатын берші дедім. Әкімшіліктен обьектіні пайдалануға қабылдау актісін жасатпақ болдым. Бірақ соғылып жатқан үйге де, жерге де құжат бермеді. Бір қызығы аудандық сотқа барарда Диляра жеңілетінімді айтты. Мен Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде құқығым тапталып, алданып жатқандығым туралы полицияға шағым түсірдім. Алайда олар іс қозғамады. Заң бойынша аудандық сотқа шағымдандым. Сот шешімі менің пайдама шешілмегендіктен, қалалық соттың апелляциялық алқасына шағым түсіруге мәжбүр болдым”, – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.