Басты жаңалықтар
«28,5 млн теңге пара алды»: Шымкентте ЖОО ректоры қамауға алынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 қыркүйек, 2024
- 285
Қазір тергеу жүріп жатыр
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Otyrar.kz өңірлік басылымының хабарлауынша, бұл ақпаратты Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті растады.
"Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ", - деп атап өтті аталған департамент басшысының ортынбасары Санат Құлбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.
Сондай-ақ күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны нақтыланады.