Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Әкесі ұлының ернінен сүйген”: Ерке Есмахан адам шошырлық жазбасымен бөлісті

“Әкесі ұлының ернінен сүйген”: Ерке Есмахан адам шошырлық жазбасымен бөлісті
Ерке Есмаханның Instagram-парақшасынан
Ерке Есмахан жаңа түскен суреттерін бөлісіп, астына төмендегідей жазба қалдырған.

Эстрада әншісі Ерке Есмахан Instagram Hollywood-тағы өнер иелерінің айналасындағы дау туралы сөз қозғаған, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан жаңа түскен суреттерін бөлісіп, астына төмендегідей жазба қалдырған. 

"Мына заманда көрсең де көрмегендей болып, естісең де естімегендей болып, білсең де білмегендей болып отыра берген дұрыс-ау. Түсінуге тырыссам, жүрегім ауырады. Меңзеп отырғаным – Hollywood-тың шоу-бизнесінде болып жатқан оқиға. Естулеріңіз бар ма?", - дейді Ерке Есмахан.

Ал желі қолданушылары болса, оның нені меңзеп отырғанын түсінбей, жаһба астына түрлі пікір қалдырып жатыр. 

Айта кетейік, танымал актер Уилл Смиттің телеарна бағдарламаларының бірінде ұлын қинап сүйген видеосы желіде тарап жатыр. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар