Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда ер адам жанжал кезінде көлікке оқ атқан

Алматыда ер адам жанжал кезінде көлікке оқ атқан
Сурет: Видеодан скриншот
Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілген

Алматыда жүргізуші жолда көлікке тапаншадан оқ атқан. Ер адамның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Полиция өкілдері күдікті ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат аенттігі NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оқ атылған сәттің кадрлары Telegram-дағы "Мой Алматы - Новости города" арнасында жарияланды. Автордың мәлімдеуінше, оқиға 22 қыркүйекте Бөкейханов көшесінде болған. Кадрлардан Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі сол жақтан өтіп бара жатқан кроссоверге оқ атқаны анық көрінеді.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілген.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жолдағы жанжал кезінде сигналдық тапаншаны қолданған. Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады полицейлер.

Қазір істің басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар