Иран Израильге жасалған шабуылды өзін-өзі қорғау деп атап, оның аяқталғанын мәлімдеді
- автор kyn.kz
- 2 қазан, 2024
- 315
Мәлімдеме әлеуметтік желілерде жарияланды.
"Біз Газа мен Ливандағы геноцидке жауапты әскери нысандарды нысанаға ала отырып, БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес өзін-өзі қорғау құқығына жүгіндік", - деді Арагчи. Оның айтуынша, Иран "Газада атысты тоқтатуға мүмкіндік беру үшін екі айға жуық уақыт бойы күтіп, ұстамдылық танытты". "Біздің әрекеттеріміз аяқталды. Егер Израиль режимі одан әрі кек алуды ұйғарса, бұл жағдайда біздің жауабымыз бұдан күштірек болады", - деді ол.
Иран 1 қазанда кешке Израильге зымыранмен шабуыл жасады. Шабуылдың нәтижесі туралы нақты ақпарат жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдан бір адам – палестиналық құрбан болған, оның үстіне зымыранның сынығы құлаған. Сондай-ақ Израильдің әртүрлі аймақтарында жеңіл жараланғандар бар екені хабарланды.
Бесбаев қызына қандай есім бергенін айтты
Ұқсас жаңалықтар
«-40 градусқа дейін аяз»: алдағы күндері күн суытады
- авторТомирис Тоныкөк
- 22 қаңтар, 2025
«Екі күн қар жауады»: Алматы әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қаңтар, 2025