Басты жаңалықтар
«Өз үйінің гаражында»: Астанада 14 жастағы қыз өзіне қол салды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 қазан, 2024
- 445
Ақпаратты Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Астана қаласында тағы бір жасөспірім қыз суицид жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жібек Жолы елді мекенінде оқушы қыздың өзіне қол салғаны туралы ақпаратты Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«1 қазанда Аршалы ауданының полиция бөлімінің байланыс желісіне Астана қаласының тұрғынынан Жібек Жолы ауылында өз үйінің гаражында 2010 жылы туылған туысқан қарындасының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті», – дейді полициядағылар.
Айта кетсек, бұған дейін мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқушылары арасында өзіне қол жұмсау фактілерінің көбеюі оқушылар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыруды талап ететінін айтқан болатын.