Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда ер адам көлігін өртеп, одан кейін өзіне өрт қойды

Алматыда ер адам көлігін өртеп, одан кейін өзіне өрт қойды
Сурет: Видеодан скриншот
Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді

Полицейлер 33 жастағы ер адамның өмірін құтқарып қалды. Оқиға 1 қазанда Алматыда Түрксіб ауданындағы айып тұрағында болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13:10-да арнайы патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru маркалы көлікті тоқтатқан. 

Көлік иесінің төленбеген айыппұлдарының жалпы сомасы – 1 миллион 300 мың теңге. Сонымен қатар жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған.

Мұндай жағдайда көлік арнайы айып тұрағына қойылуы керек екені атап өтілді.

"Көрсетілген рәсімдерді тіркеу кезінде жүргізуші көлігінен бензин алып шығып, көлікті де, өзін де бензин құйып, өртеп жіберді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін шұғыл шаралар қабылдады. Олар өрт сөндіргішпен және қолда бар құралдармен өртті сөндірді. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді", – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Көлікті сөндіруге полицейлер мен оқиға куәгерлері қатысқан.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар