Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда лифтідегі полицей фотосына былапыт сөз жазған қыз 185 мың айыппұл төлейтін болды

Қостанайда лифтідегі полицей фотосына былапыт сөз жазған қыз 185 мың айыппұл төлейтін болды
видеодан скрин
Бойжеткен құрбысымен көңілді кележатып, учаскелік полицейдің фотосына балағат сөздер жазып тастаған.

Көп уақыт өтпей лифтідегі қыздың 21 жастағы тұрғын екені анықталған, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

Полицияның мәліметінше, оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бейнебақырау камерасына түсіп қалған видеодан екі қыздың лифтке кіргенін, қыздардың бірінің учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін жапсырған плакатына маркермен жазу жазғанын көруге болады.

"Видео арқылы құқықбұзушы тез анықталды. Қыз баланың құқық қорғау органдарында есепте тұрғаны белгілі болды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл жағдайда қыздың қоғамдық орынды ластауы ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады", – делінген полиция хабарламасында. 

Полиция қызға ұсақ бұзақылығы үшін шамамен 185 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанын мәлімдеді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар