«Қолына іш киім ұстатып, подьездің алдында суретке түсірген»: Алматыда такси жүргізушісі зорлаған әйелге қатысты істің қалай жүргізіліп жатқаны айтылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қазан, 2024
- 810
Алматыда такси жүргізушісі көшеде есінен танып құлап жатқан әйелді пәтерге апарып, зорлаған. #НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі қоғамда резонанс тудырған істің әлі де қаралмай жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, жәбірленушіні тергеушілер пәтерінің алдында қолына іш киім ұстатып, суретке түсірген.
«Жәбірленушіні үйдің алдында қолына іш киім ұстатып, суретке түсірген. Шамасы, олар іш киімнің әйелге тиесілі екенін жазып, осылай айғақ ретінде көрсеткен. Бұл нағыз қорлау емес па? Мұны неге тергеушінің жұмыс орнында жасамаған? Жәбірленушіні суретке қылмыскер ретінде түсірудің не қажеті бар? Қолыңызға іш киім ұстап суретке түсуді елестетіп көріңізші. Полиция қызметкерлері бұл әрекеттерімен жабық түрде жүргізілетін қылмыстық істі ашық көрсетіп отыр. Әйелдің жеке мәліметін көпшілікке жария етіп, тергеу әрекеттерін қылмыс орнында емес, үйінің жанында басқа адамдардың көзінше жүргізген. Бұл әйелдердің құқығын ашық түрде бұзу!», - деп жазды қор.
Дина Таңсәрінің жазуынша, әйел мен оның адвокатына арызды қайтарып алу үшін олар 300 мың теңге ұсынған.