Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жандосос деген кім?»: Алматыдағы көшенің бірінде қате жазылған жол белгісі көпшілікті күлдірді

«Жандосос деген кім?»: Алматыдағы көшенің бірінде қате жазылған жол белгісі көпшілікті күлдірді
Сурет: Stan.kz
Орысшасында “ЖандоСОСОва” болса, қазақшасында “Жандов” делінген

Әлеуметтік желіде Алматыдағы ерекше жол белгісі қызу талқыға түсті. "Жандосов" көшесінің атауы жол белгісінде “Жандов”, “Жандососова” деп қате жазылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жол белгісінің орысша жазылуында артық әріптер қосылып кеткен. Ал қазақша нұсқасында әріптер жетіспей қалыпты. Яғни орысшасында “ЖандоСОСОва” болса, қазақшасында “Жандов” деп жазылған. Куәгерлердің айтуынша, бұл белгі ұзақ уақыт ілініп тұрмапты. Оны бірден алып тастаған.

Желі қолданушылары жол белгісінің қатесіне байланысты түрлі болжамдар айтуда.

"ЖандоСоСова Павлиашвили", "Мемлекеттік органдарда сауатты адамдар отырмағанына тағы бір дәлел", "Бұл жерде күлудің орнына жылау керек", "Қап, енді қатені түзету үшін кемінде жарты миллион бөлу керек", "Мына түрлеріне қарамай АЭС салғалы жатыр" "Жарайды, оны кім басып шығарса да, қателескен шығар? Бірақ оны алып, орнатқан адам қатені көрмеді ме?",, деп жазды олар.

Ораз Жандосов – Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда атағы кеңінен белгілі ірі мемлекет және қоғам қайраткері. Ораз Жандосов талантты мемлекет және қоғам қайраткері. Дарынды сөз шебері және публицист, Қазақстан мен Түркістан аймағының әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық өмірінің зерттеушісі, аграрлық-шаруашылық және ұлттық мәселелер бойынша керемет білгір адам. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар