«Отбасымды тастап, Жұлдызбен бірге тұра бастадым»: Айқын Төлепберген мен екінші әйелі үйлену тойларын жасамақ
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 қазан, 2024
- 2.5k
Әнші Айқын Төлепберген мен актриса Жұлдыз Өмірғалидің отасқанына тоғыз жыл болған. Алайда белгілі себептермен үйлену тойын жасай алмапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Астарлы ақиқат» телебағдарламасында жұлдызды жұп шаңырақ көтерді. Студияда бағдарлама қонақтары банкет үстелдерінде жайғасып, жас жұбайлар төрге шығарылды.
«Ұзатудан кейін “хейт” басталды. Жұлдызға жұрт тынышталып, жаңалыққа үйренгенше сәл күте тұруын өтіндім. Той жасағымыз келді, бірақ біз кино түсірдік. Содан кейін коронавирустық пандемия басталды. Одан кейін үй салдық. Осылайша тоғыз жыл өтті. Енді үйлену тойымызды жасаймыз деп шештік. Мен Жұлдызға “міндетті түрде той жасаймыз, міндетті түрде ақ көйлек киесің” деп уәде бердім. Әрбір қыз ақ көйлек киюді армандайды... Біз туыстарды, достарды, шоу-бизнес өкілдерін шақырамыз деп шештік», – дейді Айқын.
Айтуынша, әнші бірінші отбасын тастап кеткеннен кейін Жұлдызбен бірге тұра бастаған. Олар ресми некелескен.
«Мен бірінші отбасымды баяғыда тастап, Жұлдызбен бірге тұра бастадым», - дейді әнші.
Айқын Төлепберген бірінші әйелімен «Студенттік көктем» фестивалінде танысып, 2018 жылы ажырасып кеткен. Ал «KeshYOU» тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғалимен 2015 жылы Шымкентте кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар
«Бөтенге ақша шығарыңыз!»: Баян Мақсатқызы көпшілікке үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024