Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Келем деп кеткен, содан оралмады”: Жанар Айжанова марқұм күйеуін есіне алды

“Келем деп кеткен, содан оралмады”: Жанар Айжанова марқұм күйеуін есіне алды
Сурет: zhanar_aizhanova/ instagram
Әншінің марқұм күйеуі үйден шығып кеткеннен кейін оралмаған

Әнші, актриса Жанар Айжанова марқұм күйеуін есіне алды. Әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтуынша, марқұм күйеуі қайтыс боларынан бір күн бұрын өзімен қосылып ән айтқан.

“Айжұлдыздың папасымен түскен суретіміз барлық жерде жүр екен. Мен де біреуін қосайын. Мынау қайтыс боларынан бір күн бұрын сыныптастарымен бірге болған күніміз. Маған өзі қолқа салып, “Кешікпей келем деп ең, мен тұрмын елеңдеумен” деген Шәмшінің әнін айтқызды. Өзі де қосылып отырды. Құрдастары сен де әнші болып кетпе деп қалжыңдаған еді. Көңілді кеш болып, тарқастық. Ертеңіне қазір келем деп кеткен еді, содан оралмады. Елеңдеумен қала бердім. Қайғысыз адам, күйесіз қазан жоқ” деген осы шығар?! Сыртымыздан қараған адамға маңдайымызға шаң тимегендей көрінетін шығармыз. Жатыр ғой бітеу жара ішімізде”, – деп жазды әнші

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар