Түркістан облысында ет өнімінің экспорттық әлеуеті қарқынды артуда
- автор kyn.kz
- 1 қазан, 2024
- 165
Аграрлық саланы мемлекеттік қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, Түркістан облысы мал шаруашылығы елімізде жетекші орынға ие.
Еліміздегі ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың
21 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 11 пайызы, сүттің 13 пайызы өңірдің үлесінде.
Бүгінгі таңға, облыста 1 млн. 101 мың бас ірі қара мал, 4 млн. 968 мың бас қой, 430,7 мың бас жылқы, 43,5 мың бас түйе, 2 млн. 52 мың бас құс.
8 айда 128,4 мың тонна ет, 318,8 мың тонна сүт,
167,4 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Ет экспорты бойынша облысымыз республикада көшбасында.
Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, қой етінің 75% облыстың еншісінде. Ағымдағы жылдың 8 айына
6,9 мың тонна ІҚМ, 4,7 мың тонна қой еті экспортқа шығарылды.
Ет өнімдері негізгі бөлігі Өзбекстан және Иран еліне экспортталуда.
Ағымдағы жылдан бастап, «Қайып ата» ЖШС және «Тұран Агро Ет-Сут» АШӨК-і ІҚМ етін Тәжікстан еліне экспортауды қолға алды.
Бүгінгі күнге, «Қайып ата» ЖШС-і Тәжікстанға 17 тонна ет экспортаса, «Тұран Агро Ет-Сут» АШӨК-і «Дурахши Осиё» компаниясымен 300 тонна өнім экспорттауға келісімге келіп, 15,5 тонна ІҚМ етін экспортқа шығарды.
Ұқсас жаңалықтар
«Моншаға кіргізіп алып ұрады»: Алматы қаласында сарбаз жындыханаға жатқызылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2024