Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талғарда жасөспірімді аса жауыздықпен өлтіріп кетті: марқұмның әкесі үндеу жасады (ВИДЕО)

Талғарда жасөспірімді аса жауыздықпен өлтіріп кетті: марқұмның әкесі үндеу жасады (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Марқұмның әкесі ашық сот болуын талап етті

4 қазан күні түнде Талғарда жасөспірім қаза тапты. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, 16 жастағы Шерзат пен әкесі, ағасы үшеуіне пышақ, тапанша ұстаған бір топ жастар шабуыл жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Марқұмның отбасы оның өліміне себеп болғандарды жазалауды талап етті.

«Қайтыс болған Шерзаттың әкесі боламын. Бас прокурорға жолдама жасағым келеді. Ұлым қаза тапқан күннен бері Талғардың әкімі, прокуроры, полиция бөлімшесі істі қолға алмай, бұрмалап отыр. Тіпті қайтыс болған баламның аты-жөнін де білмейді. Хал-жағдайымызды сұрауға да шамалары жетпей отыр. Түннің жарымында тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, өзімізге арыз жаздырып отыр", - деді марқұмның әкесі.

Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

"Оқиғаға қатысушылардың бәрі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жағдайды толыққанды, жан-жақты, объективті зерттеу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар