Айгүл Сайлыбаеваның енесінің қайда екені анықталды - Германия прокуратурасы
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 қазан, 2024
- 262
Тергеу жүріп жатыр, бірақ әлі ешкім тұтқынға алынбаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Қазақпарат”сайтына сілтеме жасап.
«Біздің білуімізше Айгүл Сайлыбаеваның енесі шет мемлекетте болуы мүмкін. Күйеуі мен баласының қайда екенінің тергеуге қатысы жоқ. Сондықтан ол туралы ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Тергеу жүріп жатыр. Қосымша айғақтарды саралау қажет. Ешкім тұтқындалған жоқ», - деді прокуратура өкілі Йенс Нойбауэр.
Еске салайық, 40 жастағы экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті маусым айында Германияда табылған болатын. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болған.
4 маусым күні екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарған. Содан кейін Айгүлді ешкім көрмеген. Ал пластик қалтаға салынған денесі қала шетінен табылған.
Айгүлмен қоса 49 жастағы енесі Наталья Донцова да із-түссіз жоғалған. Ол 4 маусым күні немересін балабақшадан алып келген. Содан кейін оны да ешкім көрмеген.
Айгүл Сайлыбаева Англияда білім алып, Астана қаласында судья болып жұмыс істеген. Өмірінің соңғы жылдарында күйеуімен, қызымен және енесімен Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында тұрған.