«Адами қасиеті мол қыз еді»: Мақпал Жүнісова Гүлнәр Сиқымбаева туралы естелігімен бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 қазан, 2024
- 814
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова өмірден озған әнші Гүлнәр Сиқымбаева туралы желідегі парақшасына жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Өнер иесі жас кезін есіне алып, марқұммен бір жатақханада тұрғанын айтты.
Әріптесім Гүлнар Сиқымбаева өмірден озды деген суық хабар жеткенде бірге “Гүлдер”ансамблінде қызмет еткен кездер, жатақханада бірге тұрған жылдар көз алдыма тізбектеле берді. Өте қарапайым, көкіректігі жоқ, адами қасиеті мол қыз еді. Кейін мен “Гүлдер" ансамблінен Қазақконцертке кеткесін сирек жолығатын болдық, бірақ жолыға қалсақ арқа-жарқа боп, өткен жылдарымызды еске түсіріп, жақсы әңгіме айтып, сол шақтың қайтып оралмайтынына күрсініп қоятынбыз. Енді небәрі 63 жасында қоштасып қала бердік. Жаның жәннаттың төрінде болсын, Гүлнар замандас. Балаң, немерелерің ғұмырлы болсын, жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Қош бол, замандас, – деп жазды Мақпал Жүнісова.