Ләйлә Сұлтанқызы отбасына қайғыра көңіл айтты
Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Суыт хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасының сторисінде мәлімдеді.
«Суық хабарды естіп, көңілім құлазып отыр. Қазір Арманның келіншегіне өте ауыр, қиын. Үлкен ұлы қайтыс болды дегенді естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын. Бала дейміз, ата-ана дейміз. Шапқылап жүріп, бақытты сәттерді елемей жатамыз. Сондықтан әрбір сәтті бағалайық достар, бір-бірімізді сыйлайық. Құрметтейік. Шынында да қамшының сабындай қысқа өмір ғой», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.