Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Республика күні: қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды

Республика күні: қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды
Сурет: abai.kz
Республика күнінен бөлек, қазан айында әртүрлі сала қызметкерлерінің кәсіби мерекелері аталып өтіледі

Қазан айында  қазақстандықтар 9 күн демалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Биыл Республика күні жұмаға түсіп тұр. Яғни, азаматтарға үш күн қатарынан демала алады. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар - 25, 26 және 27 қазан демалады.

Алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер 25 қазан демалып, ал 26 қазан жұмысқа шығады. Дегенмен, 27 қазан тағы да демалыс күні болады.

Республика күнінен бөлек, қазан айы әртүрлі сала қызметкерлерінің кәсіби мерекелері бар:

1 қазан – радио күні және жоғары білім беру қызметкерлері күні

5 қазан – мұғалімдер күні

6 қазан – қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;

10 қазан – Қазақстанның кәсіптік одақтар күні;

14 қазан – стандарттау қызметкерлері күні;

19 қазан – құтқарушылар күні;

20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;

24 қазан – кітапханашылар күні;

27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні;

29 қазан – күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар