«Көктайғақ болады»: алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде қар жауады
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 қазан, 2024
- 1.6k
"Қазгидромет" алдағы күндер мен демалыс күндері қар жауатынын ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше аймағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
7-13 қазан кұндері еліміздің басым бөлігі кең ауқымды солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жаңбыр қарға айналады деп күтіледі.
«9 қазаннан бастап республика аумағына батыс циклоны ауысады, жауын-шашын және желдің күшеюі, алдымен батыста, кейін республиканың басым бөлігінде кезеңнің соңында жаңбыр солтүстік облыстарда қарға айналуы мүмкін», – деп Қазгидромет ескертті.
Жалпы, түнде және таңертең Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.
«Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында - найзағай. 12-13 қазан еліміздің солтүстік, шығысында көктайғақ. Қазақстан бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. 12-13 қазанда елдің солтүстік-шығысында көктайғақ болады», – деп хабарлады синоптиктер.