Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Аяқтан шалуды көздеген”: Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады

“Аяқтан шалуды көздеген”: Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден
Қандай жағдайлар болып жатса да, ыстық ықыластарыңызды білдіріп, дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер

Белгілі сазгердің қызы Әнару Құрманәліні зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраров өзіне қолдау көрсетіп жатқан халыққа деген алғысын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Спортшы қыркүйек айында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсетуі керек болған.

"Сіздердің баталарыңыз бен қолдауларыңыздың арқасында көз алдарыңызда өсіп-өніп келе жатырмын халқым. Қандай жағдайлар болып жатса да, ыстық ықыластарыңызды білдіріп, дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер. Аққа - Құдай жақ! Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін! Әр сынақтың артында бір хайыр бар, ер жігіттің басына не келіп, не кетпес. Әлі талай жеңістерді бірге тойлауға жазсын", – деді боксшы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар