Мәдениет
Баян Мақсатқызы қандай жолмен тағы қос қыздың анасы болғанын айтып берді (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 11 қазан, 2024
- 1.2k
Ол үшінші және төртінші рет қалай ана атанғанын өз тұңғышына берген сұхбатында айтты.
Бүгінде еліміз бойынша ең қалталы жұп саналатын Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовтың 15 күн айырмашылықпен дүниеге келген Алиса және Алма есімді қыздарының дүниеге келу жолы баршаға қызық болды. Көпшілік сыра королі мен мега жобалардың жетекшісі Баян Мақсатқызы қос қызды асырап алды деген болжам айтқан еді.
Ал продюсер екі қызды да суррогат ананың көмегімен дүниеге келгенін айтты. Бұл отбасы бірнеше жыл бұрын осындай қадам жасаған. Суррогат ананың құрсағында бала тұрмаған көрінеді. Екінші мәрте жасалған кезде бәрі де сәтті жүзеге асыпты. Мақсатқызы өзінің қартайып қалмағанын еске салды. Өйткені дәрігерлер оған баланы өз жатырына салуға да болатынын айтқан екен.